Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Киік еті кері қайтарылды

AstanaTV
11.11.2023ж. 10:02
1702
Киік еті кері қайтарылды

Ақтөбеде киік еті сатылмады. Оралдан әкелген өнім кері қайтарылды.  

Ақтөбе қаласы Жаңақоныс ауданындағы қасапхананы іздеп, киік етіп сұрап жүргендер аз емес.

"Осы ауданда тұрамын. Киіктің еті сатылады деген соң алғымыз келді. Қазір қасапхана жабық тұр”, - дейді тұрғын Роман Кенжебаев.

БҚО-дан Ақтөбеге 800-ден астам киік ұшасы әкелініп, бір күннен соң бәрі кері қайтарылғаны белгілі.

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Қуаныш Демегеновтің айтуынша, киік ұшасы 8-қараша күні КамАЗ жүк көлігімен жеткізілген. Келісім бойынша “Дала елі” ЖШС-і мен “Қасымов” ЖК қабылдап, өткізуі тиіс еді.

- Бұл жерде ет комбинаты мен жеке тұлға арасында келісім жасалған. Оның құжаттары дайын емес. Басқа ет комбинатына барып, бағасымен келісе алмай, кері қарай алып кетті. Шынын айтқанда қабылдауға келіскен ет комбинатының құрылысы бітпеген. Ветеринарлық талапқа дайын болмай шықты. Кейін "Айбек" өндірісті кооперативіне апарған. Кәсіпкер бір-бірімен келісе алмады,- деді Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Қуаныш Демегенов.

Құжат дұрыс болмағандықтан киікті қабылмаған.