Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Тоқаев Польша президентін ұлттық мейрамымен құттықтады

AstanaTV
11.11.2023ж. 11:37
990
Тоқаев Польша президентін ұлттық мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының президенті Анджей Дуданы ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының президенті Анджей Дуданы ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

"Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз, – деп жазылған жеделхатта.