Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында жеңіске жетті

AstanaTV
11.11.2023ж. 18:46
582
Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында жеңіске жетті

Туризм және спорт министрлігі Алматыда каратэден ересектер арасында өткен бірінші ашық Азия чемпионатының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль бар. Екінші орында — Иран (3 алтын), ал БАӘ үшінші орынды иеленді (2 алтын).

"Отандық каратэшілерді 1-ші Азия ашық чемпионатындағы зор жетістігімен құттықтаймын. Бұған дейін жас спортшыларымыз үздік болған еді, бұл жолы ересектер арасындағы командамыз да озық болды. Осындай маңызды турнирлерде жүзден жүйрік топты жарып шығып отыруға тырысу керек. Осы жетістіктерінің арқасында өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсеттіңдер", — деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Құрлықтық турнирге он елден 140-қа жуық спортшы қатысқан.