Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Тик-токта екі әйелден алған қос құданың видеосы қызу талқыланып жатыр

AstanaTV
12.11.2023ж. 14:27
892
Тик-токта екі әйелден алған қос құданың видеосы қызу талқыланып жатыр

Тик-ток топтарда екі әйелден алған екі еркектің видеосы қызу талқыланып жатыр.

Қос құда мен төрт әйелді ортаға шығарған асаба ер адамдардан «тоқал алуға әйеліңізді қалай көндірдіңіздер?» деп сұрайды. Еркектердің бірі тартынып, екіншісі күле жауап береді.

«Көндірдім ғой», - деп күледі ол.

Асаба «екеуі екі әйелден алыпты, қарап тұрсаң екеуінің де түрі онша емес қой» деп әзілдейді. Құдалар той жоралғысына сай төс қағыстырады.

Тойға келгендердің бәрі асабаның әзіліне мәз-мейрам. Комментке пікір қалдырғандардың бірі тойдың Түркістанда болғанын жазады.

«Еркектер емес, бұл жерде әйелдер ерлік жасап тұр», – деп жазады екінші оқырман.