$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Семейліктер сусыз қалды: жауапты мекеме тұрғындарға үндеу жасады

AstanaTV
12.11.2023ж. 17:10
752
Семейліктер сусыз қалды: жауапты мекеме тұрғындарға үндеу жасады

Семейліктер сусыз қалды.

Бұл туралы "Семей водоканал" мемлекеттік кәсіпорны Instagram-дағы ресми парақшасында жазды. 

"Широкая көшесі, 5а мекенжайы бойынша Д300 магистральдық құбырдағы апатты жою бойынша дайындық жұмыстарының күрделілігіне байланысты апатты жою жұмыстары 08:00-ден бастап 13.11.23-ке ауыстырылады", - деп хабардар етті кәсіпорыннан.

Мемлекеттік кәсіпорын қалада Ломоносов көшесі 24, 26, Докучаев көшесі 5, 5а,1, 1а, Би боранбай көшесі 34, 37 мекенжайлары бойынша су беру қалпына келтірілгенін мәлім етті.

"12.11.23ж. Дзержинец кенті, Жетісу, Широкая, Береговая көшелерінің бір бөлігі, әлеуметтік нысан мекемесі (11 колония) мекенжайларына уақытша су беру кестесі жасалды.Уақытша су беру кестесі: 14:00-ден 16:00-ге дейін және 19:00-ден 21:00-ге дейін. 13.11.23: 06:00-ден 08:00-ге дейін", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кәсіпорын тұрғындардан қажетті су қорын жинап алуды және қолайсыздық үшін кешірім сұрады.