$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Желіге пікір жазғаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
12.11.2023ж. 18:00
597
Желіге пікір жазғаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Өзбекстанда 19 жастағы жігіт Instagram желісінде президент Шавкат Мирзиеевтің атына жазған дөрекі пікірі үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы  gazeta.uz порталы хабарлайды.

Үкімді Самарқанд облысының Қаттақорған аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты шығарған. Анықталғандай желі қолданушысы президенттің отбасы туралы жазбаның астына жеке басын қорлайтын жазба қалдырған.

Сот сараптамасы басылымда президентті "қорлап, беделін түсіруге" қатысқан әрекеттерді анықтады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, достарының кеңесінен кейін өз пікірін өшіріп тастағанын айтты. Арада біраз уақыт өткен соң оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

"Жігіт Шавкат Мирзиеев жүргізіп отырған саясатқа қарсы емес екенін, тек жастығы мен түсінбегеніне байланысты президентті қорлайтын сөздер жазғанын айтты", - делінген сот шешімінде.

Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.