Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды.
11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысынан 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізіліп жатыр.