$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сот "Қазарнаулыэкспорт" басшысын күзетпен ұстауға санкция берді

AstanaTV
12.11.2023ж. 20:32
731
Сот "Қазарнаулыэкспорт" басшысын күзетпен ұстауға санкция берді

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазарнаулыэкспорт" РМК басшысы Арман Рамазановты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкциялады.   

"2023 жылғы 11 қарашада Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Рамазановты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады",-делінген хабарламада. 

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.