$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда мектеп оқушылары зағип жандарға арналған гаджет-білезік ойлап тапты

13.11.2023ж. 20:00
914
Қызылжарда мектеп оқушылары зағип жандарға арналған гаджет-білезік ойлап тапты

Қызылжарда мектеп оқушылары зағип жандарға арналған гаджет-білезік ойлап тапты. Тың құрылғы көзінде ақауы бар адамдарға көшеде жалғыз жүруіне мүмкіндік береді. Яғни, арнайы импульстар арқылы алдында тұрған заттар жайында хабарлайды. Ноу-хауды жергілікті тұрғындар тағып, көше бойында сынап көрген.

Ұлан ТӨЛЕТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Білезік менің көңілімнен шықты. Алдымызда кедергі тұрғанда құрылғы шиқылдай бастайды. Импульстар 70 сантиметр қашықтықта жұмыс істейді. Бірақ жетілдіретін тұстары да бар. Мысалы, шұңқырларға әсер етпейді. Бұл құрылғыны зағип жандардың таяқшасына таққан дұрыс деп есептеймін. Сонда бір қолымыз бос болады.

Мектеп оқушылары зағип жандардың ескертуін ескеріп, құрылғыны жетілдіруге кірісіп кетті. Балалар гаджет-білезікті мінсіз қылу үшін тағы бірқатар өзгеріс енгізген.

Жұлдыз АҒИЯРОВА, ОҚУШЫ:

Қазақстанда көру мүшесінде ақауы бар 160 мыңнан астам адам бар. Біздің девайс олардың өмірін жеңілдететініне сенімдіміз. Алдағы уақытта біз аталған білезікке SOS және GPS функцияларын қосуды жоспарлап отырмыз.