Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Болат Назарбаев дүние салды

13.11.2023ж. 20:00
585
Болат Назарбаев дүние салды

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 70 жасында дүние салды. Ол бүгін таңғы сағат он шамасында Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада көз жұмды. Мұны Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растады. Ол өзінің Твиттер парақшасында Болат Әбішұлының созылмалы аурудың салдарынан қайтыс болғанын жеткізді. Бұған дейін Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтқанын хабарлады.