Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Талдықорғанда полиция басқармасының бастығы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды

13.11.2023ж. 20:00
569
Талдықорғанда полиция басқармасының бастығы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды

Талдықорғанда полиция басқармасының бастығы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды. 27 жастағы әйелді полиция басқармасына тыныштықты бұзғаны үшін жеткізген. Басқарма бастығы оны өз кабинетіне шақырып, артынша жұмыс орнында зорлаған деген ақпарат бар. Бүгінде лауазымды тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты «Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атығай АРЫСТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

ҚР ҚК-нің 120- бабы, 2- бөлігі «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамалар тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ ерекше бақылауына алынды.