$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қол көтерген күйеуін 30 тәулікке қаматқызды

AstanaTV
14.11.2023ж. 09:07
1954
Қол көтерген күйеуін 30 тәулікке қаматқызды

Екібазтұзда полицияға қала тұрғыны 1 және 7 қарашада өзіне көптеген дене жарақаттарын келтірген жұбайына шара қолдану туралы өтініш білдірді.

Сондай-ақ ол күйеуінің пәтерде атыс қаруын сақтайтынын хабарлады. Полиция 31 жастағы ер адамға қатысты жұбайына дене жарақатын салғаны үшін 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасын шығарды және ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Әйелге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесін алғаннан кейін материал сотқа жіберіледі. Сонымен қатар жедел қызметкерлер де пәтерде тексеру жүргізді.

– Тінту іс-шаралары барысында жедел уәкілдер ер адамнан үш дана патроны бар, арнайы қабына салынған Stalker М908 тапаншасын тәркіленді. Пәтерде тағы алты пышақ пен белгісіз маркалы тапанша табылды. Осы факті бойынша ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.