Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Интернет-дүкеннен синтетикалық есірткі алып сатқан

AstanaTV
14.11.2023ж. 14:00
416
Интернет-дүкеннен синтетикалық есірткі алып сатқан

Теміртаулық полицейлер есірткі сатушыдан 300 орам синтетикалық есірткі тәркіледі.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Теміртау қаласында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы азаматша ұсталды.

Тексеріс барысында полиция қызметкерлері одан ерекше иісті, ұнтақ тәрізді 300 орам зат тәркіледі.

 Жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 387 грам болатын екі түрдегі синтетикалық есірткі зат екені анықталды. Бұл препараттың шамамен 700 бір реттік дозасы. Ұсталған азаматшадан жауап алу барысында күдікті тәркіленген заттарды интернет-дүкеннен алып, екі ай бойы сатып жүргені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.