Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстандық самбошылар командалық есептте үздік үштіктен көрінді

AstanaTV
14.11.2023ж. 20:00
517
Қазақстандық самбошылар командалық есептте үздік үштіктен көрінді

Самбодан Қазақстан құрамасы Ереванда өткен әлем чемпионатында Қазақстан командалық есепте үздік үштікке енді. Ел қоржынында 8 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс және 5 қола.

Карен Демирчян атындағы Ереван спорт кешенінде 21 салмақ дәрежесінде чемпионаттың спорттық және жауынгерлік бөлімдерінде 65 елден 300-ден астам мықты спортшылар бақ сынасты. Чемпионат қорытындысы бойынша медальдық есепте самбодан Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Отандастарымыз тек Өзбекстан құрамасы мен бейтарап өнер көрсеткен ресейлік спортшыларға есе жіберді.

Қазақстан үшін 80 келіден жоғары санаттағы тарихи алтынды Арайлым Әбенова жеңіп алды. Үшінші жарыс күні, финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы орынборлық Құсанова Жанарға мүмкіндік қалдырмады, осылайша самбодан ТМД елдерінің II ойындарының финалында жеңілгені үшін реванш алып, жарыс қорытындысы бойынша ел құрамасын осындай жоғары командалық көрсеткішпен қамтамасыз етті.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САМБОШЫЛАР ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Әлемдегі ең үздік промоушн UFC желтоқсанның 16-ынан 17-іне қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінің негізгі картасын жариялады. Турнирдің басты жекпе-жегінде 77 келіге дейінгі жартылай орта салмақтағы чемпион британдық Леон Эдвардс америкалық Колби Ковингтонмен бақ сынасады.

Іс-шарада 57 келіге дейінгі ең жеңіл салмақ дәрежесінің иегері бразилиялық Алешандре Пантожа америкалық Брэндон Ройвалмен күш сынасады. Қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен кездеседі. Сондай — ақ, кештің басты жекпе-жегі Тони Фергюсон мен Пэдди Пимблетт арасында және Висенте Луке мен Иэн Гэрри жұптарының арасында болады.

UFC 296: ЭДВАРДС VS КОВИНГТОН

Қазақстандық тау шаңғышысы Захар Кучин жақында Дубайда өткен FIS-стартта өнер көрсетті. 26 жастағы қазақстандық слалом жарысында 56.33 секундтық ұпаймен екінші орынға ие болды. Ол британдық шаңғышы Александр Пеннекке есе жіберді, ал үшінші орынды венгр спортшысы Милан Шнайдер иеленді. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық спортшы 108.47 FIS ұпайын жинады. Айта кетейік, қазақстандық Қытай астанасы Пекинде өткен 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті.

ЗАХАР КУЧИН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ КҮМІС ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Швецияда өткен "Челленджер" сериясының турнирінде алғашқы матч өткізді. Қазақстандық украиналық теннисші Алексей Крутыхпен бақ сынасып, екі сетте 2:6, 1:6 есебімен жеңілді. Ойын 58 минутқа созылды.

Бұл кездесу финалдың 1/16 кезеңінде өтті. Айта кетейік, қазақстандық АТР әлемдік рейтингінің жалғыз разрядында 213-ші орында. Ал Крутых 240-шы орында тұр. Михаил - Қазақстанның үшінші үздік теннисшісі.

КУКУШКИН «ЧЕЛЛЕНДЖЕРДЕГІ» АЛҒАШҚЫ МАТЧТА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Жекелей сында 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, неміс теннисшісі Александр Зверев Италияда өткен ATP-2023 қорытынды чемпионатын күтпеген жеңістен бастады. Бастапқы матчтың топтық кезеңінде Зверев 6:7, 6:3, 6:4 есебімен "Үлкен Дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы испандық Карлос Алькарасты жеңді. Теннисшілердің кездесуі 2 сағат 34 минутқа созылды. Зверев 16 рет эйс орындап, 2 рет қос қате жіберіп, сегізден үш брейк-поинтты жүзеге асырды. Алькарастың есебінде 11 эйс, екі қос қате және алтыдан 1 брейк-пойнт бар.

Естеріңізге сала кетейік, Зверев пен Алькарас қызыл топқа кірді, онда ресейлік теннисшілер Даниил Медведев пен Андрей Рублев та чемпионаттың плей-офф кезеңінде бақ сынасады. Ресейлік теннисшілердің бетпе-бет кездесуінде Медведев 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Олардың кездесуі 1 сағат 32 минутқа созылды. Плей-оффқа топтың үздік екі теннисшісі шығады.

ЗВЕРЕВ АЛЬКАРАСТАН БАСЫМ ТҮСТІ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Экранда алдыңғы апта ойындарының қорытындысы көрсетілген. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сондай-ақ, винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.