Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Бүгін – дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

AstanaTV
14.11.2023ж. 20:00
584
Бүгін – дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

Әлемде 537 миллион адам қант диабетіне шалдыққан. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін барады деген қауіп бар. Елімізде де қауіпті дерт белең алып барады. 500 мыңға жуық адам есепке алынған. Арасында балалар да бар. Бұл мамандарды алаңдатып отыр.

Қостанай қаласының тұрғыны Сақыпжамал Ажығалиқызы 35 жылдан бері қант диабетімен күресіп келеді. Жасы-84-те. Бұл ауруға үздіксіз диета, ерекше күтім керек дейді ол.

Сақыпжамал ЕСҚОЖИНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

 Басқа да ауру жетеді. Сосын диета ұстаймын. +Көп деп жатыр жастарда. Тіпті туған балалар да диабет болып жатыр дейді. Құдай сақтасын. Жаман ауру ғой бұл.

Қазір елімізде 480 мың ересек және бес мыңнан аса бала қант диабетімен өмір сүріп жатыр. Оның ішінде тағдыры инсулинге байланғандардың саны- 28 мың. Жыл сайын 25-30 мыңға жуық адам осы сырқат түрімен есепке алынады. Жайшылықта мән бере бермейтін аурудың жыл санап көбеюі дәрігерлерді алаңдатып отыр.

Гүлнар МАҚСҰТОВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Халықаралық қауымдастықта қант диабеті сырқаты ерекше аталады. Оны пандемия деп те атауға болады. Әлемде жыл санап бұл дертке шалдыққандар саны артуда. Сондай-ақ Қазақстан да шет қалған емес.

Мамандар әсіресе, сырқаттың балалар арасында кең тарауына алаңдайды. Оған артық салмақтың жиналуы, физикалық белсенділіктің болмауы, тәттілерді көп, пайдалы тағамдарды аз тұтыну себеп дейді. Сонымен қатар вирустардың әсерінен және стресстік жағдайлардан дамитын ұйқы безі жасушасының аутоиммунды зақымдануы инсулин тапшылығына әкеледі. Эндокринолог Жәмила Гумарова күніне 30 дан аса науқас қабылдайды. Қаралуға келетіндердің көбі 40 тан асқан азаматтар дейді.

Жәмила ГУМАРОВА, ЭНДОКРИНОЛОГ:

Әрбір адамның өзінен зависить если ол кісі біздің врачтардың айтқаның уақытында қабылдап берген дәрілерін уақытылы қабылдап тұрса. Уақытында келіп тұрса онда асқыну азаяды.

Қант диабеті адамның ауруға шалдыққанынан бірден хабар бермейді. Ағзада инсулин гармонының жетіспеушілігінен туындайтын бұл созылмалы сырқатқа шалдыққандар үнемі дәрігердің бақылауында болады.

Руслан ЗАКИЕВ, «ДИАБЕТИЧЕСКИЙ РОДИТЕЛЬСКИЙ КОМИТЕТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Науқастарымыз 30-дан астам дәрі-дәрмек түрімен тегін қамтамасыз етіледі. Өйткені қант диабеті әлеуметтік маңызы бар аурулардың қатарына кіреді. Бірақ біздің елімізде қант диабетіне шалдыққан балалар үшін глюкозаны үздіксіз бақылау жүйесі қарастырылмаған. Аталған жүйе ағзадағы гликемия деңгейінің тәулік ішіндегі өзгерістерін көрсетуге көмектеседі.

Салада біршама проблема бар. Науқас баласы бар ата-аналар бұл туралы жиі көтеріп жүр. Дәл қазір олар қажетті құрылғыны ай сайын 50.000 теңгеге сатып алуға мәжбүр.