Павлодар облысында шыбын шіркейді улау жұмыстарына 7,8 млрд теңге бөлінді. Бұл бұрын соңды аймақ тарихында болмаған қаржы. Жәндікке бұлай мән берілудің өз себебі бар. Соңғы бірнеше жылда аймақ тұрғындары сары масадан әбден зардап шекті. Шыбын-шіркейдің көптігінен төрт түлік пен құс қырылды. Енді жыл сайын қансорғыш дернәсілін дәрілеуге 3 млрд теңге жұмсалады дейді жауаптылар.
Әйгерім ҚАБЫЛТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
21-23 жылдарға 27 мың гектар 600 млн. Ол 5 есе 4 жарым есе өсті. Бағасы да соған сәйкес өсіп отыр. +Соммасы сондай қымбаттады деп айта алмаймыз. Ол былай математикалық тұрғыдан санасақ сол тұрғымен бірдей болып келеді.