$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында аудан тұрғыны тәртіп сақшыларына оқ атты

14.11.2023ж. 20:00
736
Қостанай облысында аудан тұрғыны  тәртіп сақшыларына оқ атты

Қостанай облысының тұрғыны полицияға бағынбай, оған қарсы оқ атқан. Оқиға Қарабалық ауданының аумағында, Алматы – Екатеринбург тас жолының бойында болған. Полиция УАЗ автокөлігінің жарықсыз келе жатқанын байқап, тоқтауға белгі берген. Алайда жүргізуші қашып құтылуға әрекеттеніпті. Бірақ тізгінге ие бола алмай, көлік орға құлаған. Мұнан соң тәртіп сақшыларына қарсы бірнеше рет аңшы мылтығынан оқ атып, жаяу қашып кеткен көрінеді. Күдікті 2 сағаттан соң танысының үйінен табылды. Қазір қамауда, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бауыржан ӘБЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 380-1 бабы бойынша яғни құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізілуде.Полиция қызметкерлері жауап ретінде қару қолданбаған.Оқиға да ешкім зардап шеккен жоқ.