Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Ақшаң жоқ болса, кино түсірме": Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді

AstanaTV
14.11.2023ж. 22:01
1477
"Ақшаң жоқ болса, кино түсірме": Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді

Актриса Дариға Бадықова жаңа фильміне саундтрек бермеген әншілерге ренжігенін айтқан болатын. “Таптым-ау, сені” әнінің орындаушысы Қазыбек Құрайыш актрисаға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дариға Бадықова алғаш рет кино түсіріп, продюсерлік салада бағын сынап көрді.

“Жазбай-ақ қояйын деп едім, қоймадыңыздар. Алғашында бұл кісілерге ренжігенім рас. Мен ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін. Оны кино саласында жүргендердің бәрі білетін шығар. Әндерім барлық фильмдерге тегін кетеді. Жобамен онға жуық фильмде әндерімнен үзінді бар, біреуінен де ақша сұраған емеспін – бұл бір. Екіншісі – мен бұл кісілерге продюсер-спонсор болған үлкен апайымызға: "Мейлі, әнді ала беріңіздер, қарсы емеспін. Ақшаның да керегі жоқ" деп айтқанмын негізі. Енді неге қоспағанын және бағдарламаға келіп, неге осылай айтып отырғанын түсінбедім. Ал, жалпы, мен әндерімді ешкімге де беруге міндетті емеспін”, – дейді әнші.