Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

AstanaTV
15.11.2023ж. 08:14
491
Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкелген оқиға 14 қараша күні сағат 18:30-да болған. Айналма тас жолда жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде Lada Largus және DAF жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды mgorod.kz.

"1990 жылы туған Lada көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол жерде 1988 жылы туған жүргізуші басқарған DAF көлігімен соқтығысқан",-делінген Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Lada көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы (1987 жылы туған) оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.