$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ит қатерлі ісік иісін сезіп, иесін аман алып қалды

AstanaTV
15.11.2023ж. 08:52
807
Ит қатерлі ісік иісін сезіп, иесін аман алып қалды

Екі жастағы Брайан (ит) 51 жастағы Линдси Туэйтс пен оның күйеуімен Оңтүстік Йоркширде, Англияда тұрады. Біраз уақыт бұрын ол қожайынының мұқият иіскеп жүреді. Ит қатты қобалжып, мазасызданған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше ай бұрын әйел жағымсыз сезімдерден зардап шеге бастаған. Ол бұрыннан геморроймен ауыратындықтан дертіне аса назар аудармайды. Бірақ әдеттегі процедуралар ауырсынуды жеңілдетуге көмектеспейді.

Осы кезеңде оның иті Брайан өзін біртүрлі ұстай бастайды: ит үнемі Линдсиді иіскеп мазасыздана берген. Иесі үй жануарына өзін осылай ұстауға тыйым салған, бірақ мойынсұнғыш Брайан оны елемеген. Ол өте қобалжып мазасыз көрінген.

Иттің үрейі күн сайын арта береді. Үй иесінен бір қадам қалмай еріп алады. Содан кейін Линдсей дәрігерге баруға шешім қабылдаған. Дәрігеоден Линдсей дерті туралы естіп таң қалады. Тоқ ішек қатерлі ісігінің үшінші сатысы анықталады.

Линдси қазір химиотерапия мен сәулелік терапиядан өтуде. Оның басты қолдаушысы - Брайан. Ит иесіне жақын болуды жалғастырады және оның арқасында әйелауруы туралы білді.

"Иттердің өте сезімтал иіс сезімі бар және қатерлі ісіктің көптеген түрлерінің бастапқы кезеңдерінде бөлінетін ұшпа органикалық қосылыстарды анықтай алады. Ғылыми зерттеулер тіпті иттер аналық без обыры бар және сау адамдардан алынған қан мен ұлпа үлгілерінің иістерін ажырата алатынын көрсетті", - деп жазады басылым.