$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен байланысты адамдарды әлеуметтік қорғауға бағытталған заңды қабылдады

15.11.2023ж. 20:00
744
Мәжіліс еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен байланысты адамдарды әлеуметтік қорғауға бағытталған заңды қабылдады

Зиянды жұмыста істейтін азамат міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын 55 жаста немесе 63 жаста алатынын өзі шешеді. Бүгін мәжіліс еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен байланысты адамдарды әлеуметтік қорғауға бағытталған заңды қабылдады. Әлеуметтік көмек, жұмыскер 55 жасқа толған яғни кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса ғана жүзеге асады. Бұған қоса, азаматты қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан қорғау үшін, міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі нормалар ұсынылды.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Адам денсаулығына зияны бар өндірісті жүзеге асыратын компания сақтандыру компаниясына белгілі бір мөлшерде төлем жасайды. Сақтандыру компаниясы сол қаржының 6 пайызын жұмыс берушіге қайтаруға тиіс. Ол қаражат қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға жұмсалады. Сақтандыру ұйымдары еңбек жағдайында зардап шеккен қызметкердің шипажайдағы емін төлеуге тиіс. Ол 100 АЕК-тен аспауы керек.