$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Өскеменде бойжеткен қыз жол жиегіндегі қоршау қабырғадан төменге құлап кетті

AstanaTV
16.11.2023ж. 18:59
1209
Өскеменде бойжеткен қыз жол жиегіндегі қоршау қабырғадан төменге құлап кетті

Өскеменде Новаторов-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында бойжеткен қыз жол жиегіндегі қоршау қабырғадан су жағасына құлап кетті.

Мамандандырылған жасақтың құтқарушылары зембілдің көмегімен зардап шегушіні тасымалдап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Олар оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, одан кейін оны ауруханаға жеткізді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі құтқарушыларға полиция қызметкерлері көмектескенін атап өтті.