Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Есірткі қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді

AstanaTV
17.11.2023ж. 11:57
625
Есірткі қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді

Есірткіні ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді.

ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрауы бойынша Түркия аумағында 52 жастағы қазақстандық ұсталды.

Оған қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсіргені, сондай-ақ оларды Орал қаласының аумағында одан әрі өткізу мақсатында сақтағаны үшін іздестірілді.

Түркия билігі құқық бұзушыны Астанаға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Ол елге жеткізіліп, қамауға алынды.