Таразда ұлттық ұланның 42 сарбазына жоғары оқу орындарының гранты табысталды. Енді сарбаздар ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспай-ақ, 2 жыл ішінде грант ұсынған оқу ордасына түсе алады. 1 жыл әскерде болып, үйіне қайтуына 1 ай қалғанда осындай қуанышты хабар естіген сарбаз саптан шығып алғысын айтты. Енді жауынгер санаулы күннен соң әскерін аяқтап, Астанадағы Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне жол тартпақ.
Арман МАСАБАЕВ, 55/13 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:
Мен мына жерде әскер сапында жүріп осы жаққа грантқа түскеніме өте қатты қуаныштымын. Және бұл университеттің өзінің ұжымына да алғысымды білдіргім келеді. Себебі осындай әскери қызметшілерге осындай мүмкіндік беріп отырған.
Мұндай тегін білімді еліміздің 70 тен аса университеті ұсынып отыр. Жалпы биыл конкурсқа республика бойынша 17 мыңнан аса сарбаз қатысқан.
Бинұр ЫРЫСҚҰЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 55/13 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСШЫСЫ:
Срочники 02 деген біздің бағдарламамыз бойынша, соның бүкіл бағаларының бәрін есепке алып соңында қорытындысын шығарып береді. Енді олардың дайындықтағы жоғарғы көрсеткіштері үшін, үлгілі тәртібі үшін ұсыныс береміз. Бұл енді алдағы уақытта одан ары қарай жалғасады. Менің ойымша бұл мына біздің болашақ сарбаз болам деген азаматтарға да жақсы мотивация деп ойлаймын.