Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елімізде егіс алқаптарының электрондық картасын алу кейінге шегерілді

AstanaTV
17.11.2023ж. 20:00
680
Елімізде егіс алқаптарының электрондық картасын алу кейінге шегерілді

Елімізде егіс алқаптарының электрондық картасын алу кейінге шегерілді. Енді фермерлерден 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін субсидия алуға өтінім берген кезде егіс алқаптарының электрондық картасы талап етілмейді. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына егістіктерді цифрландыруды 2026 жылға дейін қалдыру жөнінде өзгерістер енгізілді. Өзгерістер фермерлерге жер учаскелерін тәртіпке келтіруге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін цифрландыруды аяқтауға, ал «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамына дақылдарды тану спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Елімізде біраз шаруа басым бағыттағы дақылдарды субсидиялауға өтінім беру кезінде қиындықтарға тап болды. Себебі егіс алқаптарын дұрыс цифрландыру мүмкіндігі болмады.