Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматы тұрғындарының саны 2,2 миллион адамға жетті

17.11.2023ж. 20:00
608
Алматы тұрғындарының саны 2,2 миллион адамға жетті

Алматы тұрғындарының саны 2 миллион 200 мың адамға жетті. Биыл қала халқы 17 625 адамға көбейген. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда жаңа туған нәрестелер 1,9%-ға, ал өлім-жітім 6,3%-ға аз тіркелді. Демографтардың айтуынша, халық санының өсуінің негізгі себебі – туу көрсеткішінің артуы. Соңғы он жылда елімізде туу көрсеткіші 16,9 пайызға өскен. «Ал 2021 жылы бұрын-соңды болмаған нәресте бумы болды»,-дейді. Биылғы пандемиядан кейінгі жылы 446 491 бала дүниеге келіпті.

Шынар ТӨЛЕШОВА, ДЕМОГРАФ:
Тәуелсіздік алғаннан кейін 90-жылдардан бастап біз қандастарды Қазақстанның жеріне көшіру туралы саясатты үлкен көлемде жүргіздік. Еуропалық этностар, орыс, неміс украин этностары тарихи отанына орала бастады. Осының бәрі 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін теріс көші-қон сальдосының қалыптасуына әсер етті. Бұл дегеніміз көшіп келушілердің санынан көшіп кетушілердің саны басым болды. Көші-қонның оң сальдосы бізде биыл ғана болады деп күтілуде.