$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді!

AstanaTV
17.11.2023ж. 22:59
Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді!

Қазақстан Еуро іріктеу кезеңінде алтыншы рет жеңіске жетті.

Есеп 3:1.

Ойынның 19-минутында ұлттық құрамадан Ислам Чесноков қарсыластардың қақпасына алғашқы голды соғып, есепті ашты.

Екінші таймның 51-минутында тағы да Ислам Чесноков гол салып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Алайда 9 минуттан кейін (60-минутта) Сан-Марино құрамасынан Франкиоси Қазақстан құрамасына гол салып, есеп 2:1 болды.

92-минутта Абат Айымбетов пенальти арқылы үшінші голды соқты.