Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан - Сан-Марино матчінен кейін астаналық балаға жанкүйерлер шарфын сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына барған еді.
Жанкүйерлер елдің туын желбіретіп, бір-бірін құттықтады. Кішкентай жанкүйер Президентке туды бұлғады, ал Тоқаев жанкүйерлер шарфын сыйға тартты.