$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

AstanaTV
18.11.2023ж. 12:04
1175
Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

Қазгидромет 18 қарашадағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады.

Жаңбыр, қар, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп жел күтіледі.