Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Өрт шыққан үйден 81 жастағы әже құтқарылды

AstanaTV
18.11.2023ж. 19:16
735
Өрт шыққан үйден 81 жастағы әже құтқарылды

2023 жылдың 17 қараша күні 15:10 сағатта Атырау қаласы, Байтақ ықшам ауданында орналасқан 2 қабатты жеке тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу шақырту орнына жетіп, жалпы ауданы 15х12 болатын екі қабатты тұрғын үйдің жануын анықтады.

Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісы азаматтық қорғау майоры Нұрлыбек Жұмабиденұлы Қатапов кезекшіліктен тыс уақытта өрт шыққан үйдің маңынан өтіп бара жатып, өртті байқап, дереу өрт шарпыған үйге кірген.

Нәтижесінде өрт ошағында қалған 81 жастағы қарт әжені көтеріп, далаға қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. 81 жастағы қария өрт салдарынан 3 дәрежелі күйік алғандығы анықталды. Қазіргі уақытта жан сақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің бақылауында.

Атырау облысы ТЖД 20 қызметкері мен 4 бірлік техникасы оқиға орнында өртті сөндіруге жұмылдырылды.

Өрт 15:34 сағатта оқшауланып, 16:29 сағатта толықтай жойылды.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Атырау облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.