$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қосшы қаласында күшті жел салдарынан 1229 абонент жарықсыз қалды

AstanaTV
19.11.2023ж. 08:29
708
Қосшы қаласында күшті жел салдарынан 1229 абонент жарықсыз қалды

Ақмола облысының Қосшы қаласында электр жесіндегі апатқа байланысты 1229 абонент жарықсыз қалды. Қазіргі кезде, табиғаттың тосын мінезінен туындаған зардаптарды жою бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қатты желден және жаңбырдың салдарынан 402,406,102,103,25 электр желілері апатты жағдайға байланысты ажыратылды. Қазіргі кезде, бұл желілерді кезең-кезеңмен қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

- Қазір 406, 103, 25 желілерінің РП 1, РП 4 электр қуатынан ажыратылған. Қала бойынша 1229 абонент жарықсыз отыр. Электр жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, - деді қала әкімнің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сағат 20:28-де қатты жел Лесная поляна тұрғын үй кешенінде орналасқан №10 үйдің шытырын ұшырған.

- Онда зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертіп, үй ауласын көліктерден босатты. Бұл жерде қала әкімінің орынбасары және тиісті қызметтердің өкілдері жедел шараларды қолға алуда. Бұған қоса, қала әкімдігінің жанынан жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Қатты жел электр желісіндегі апаттың зардабын жоюға кедергі келтіруде. Дегенмен, қысқа мерзімнің ішінде абоненттерге жарық берілетін болады, - деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметінен.