$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қарағандыда күшті жел электр сымдарын үзіп, үйлердің шатырларын жұлып кетті

AstanaTV
19.11.2023ж. 09:36
735
Қарағандыда күшті жел электр сымдарын үзіп, үйлердің шатырларын жұлып кетті

Қарағандының коммуналдық қызметтерінің авариялық бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қалада қатты желдің салдарынан шатырлар ұшып, электр сымдары үзіліп жатыр. Бірнеше аудан электр қуатынсыз қалды.

«Қарағанды Жарық» ЖШС-ның барлық бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, әр ауданда 4 бригада жұмысқа кірісті. Қалпына келтіру жұмыстарын орындау ауа-райының қолайсыздығына байланысты күрделене түсті. «Қарағанды Жарық» мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асыруда», - деп хабарлады «Қарағанды Жарық» ЖШС баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мейрам Кожухов Instagram парақшасында табиғи ауа райының бұзылғанын хабарлап, тұрғындарды қауіпсіз жерде болуы керектігін ескертті.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлықтарыңыздан мүмкіндігінше үйлеріңізде болуды және аса қажет болмаса далаға шықпауды сұраймын. Қалада ағаштардың құлап, желі шатырларды ұшырып әкетіп жатыр. Бригадалар жұмыс істеуде. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, әкімдік қызметкерлері кезекшілікте. Біз жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды қала басшысы.