Еңбек министрлігі ҚҚС төлемдерін енгізу туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді.
Бұл ақпарат жалған болып шықты.
"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "ҚҚС төлемін" енгізгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Ведомство азаматтарға тек ресми көздердегі ақпаратқа сену керегін ескертті.
Бұған дейін, қыркүйек айында Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Хабарламада зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтардың 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар екені айтылған. Еңбек министрлігі бұл ақпараттың да өтірік екенін хабарлады.