$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте 105 балаға ВИЧ індетті екені ашып айтылады

AstanaTV
02.12.2016ж. 20:00
3509
Шымкентте 105 балаға ВИЧ індетті екені ашып айтылады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мамандар келер жылы ВИЧ диагнозды 93 балаға статус ашады. Жыл соңына дейін тағы 12 жеткіншектің дерті жайлы оларға ашып айтылмақ. Қазір балалар мен олардың ата-аналарын психологиялық дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, аймақта ағзаның иммун тапшылығы вирусы осыдан он жыл бұрын салғырт дәрігерлердің кесіренен жаппай тараған болатын.

Перзентім сезіктенбесін деп көз жасын көрсетпей сүртіп келе жатқандардың бірі - Отырар ауданының тұрғыны. Бетін жасырып, дауысын өзгертуімізді өтінген ана осыдан он жыл бұрын үш айлық сәбиіне ауруханада айықпас дерт жұққан. Жылағанда етегі жасқа толатын ана енді тұңғышының дертін келер жылы ашып айтуға бел байлап отыр.

Дариға, ата-ана:

Жиі сұрақтар қояды...қашан осы дәріні тоқтатасыз деп... Бірақ бірде естіп қалды. Мама, мен мүгедекпін ба?- деді. Бірақ сол күні жаман екі-үш күн жылап жүрді. Бірақ түсіндіріп айттым.

Мамандар келер жылы 93 жеткіншектің статусын ашқалы отыр. Былтыр 67 жөспірімге дертті екенін айтса, биыл 65 баланың диагнозын жария етіп үлгерген. Мамандардың мәліметінше, 2009 жылдан бері 67 баланың статусы ашылған. Олардың ең үлкені 16 жаста болыпты. Балалар айықпас дертке ұшырағанын ауыр қабылдайды. Сондықтан сырқаты жайлы әрі кетсе 11-12 жаста ашып айтқан жөн, дейді психологтар. Осы айда тағы 12 баланың диагнозы ашып айтпақ ниетте.

Мадина Байшуақова, ана мен бала облыстық оңалту орталығының психологы:

14-15 жаста балалардың өтпелі кезеңі  басталады ғой. Сол кезде барып бұл диагнозды естісе, балаға өте ауыр тиіп, ол ортадан шығару қиын болып қалады баланы. Әрі қарай жұмыс істеуге бала бой бермейді. Өйткені ата-анасына да көнбейді және біздің де көмегімізді ол бала қажет етпейді. Тұйықталып бала ортадан алшақтап, өз өзімен болып,  ортадан, қоғамнан алшақтап кетеді.

Алайда психологтар ең алдымен ата-аналарды көндіру қиынға соғып жататынын көлденең тартып отыр. Сондықтан бірінші кезекте үлкендермен жұмыс жүргізіп аламыз дейді. Шымкенттегі «Ана мен баланы оңалту орталығының» есебінде осындай қиын тағдырды басынан кешіріп жүрген 224 бала есепте. Соның 120-сы осыдан он жыл бұрын ауруханада жаппай ВИЧ жұқтырған.

Алевтина Кужелева, ана мен бала облыстық оңалту орталығының бөлім меңгерушісі:

Статусы ашылмағанға дейін бала дәрі ішуге немқұрайлы қарайды көп жағдайда. Анасы айтқанда, ғана ішеді, Неге мен ғана дәрі іше берем деген ой да мазалайды. Бірақ диагнозын естірткенде, қиналса да, әрі қарайғы денсаулығы үшін жауапкершілікпен қарай бастайды. Бұл сырқатын ашып айтудың пайдасы.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Арада он жыл өтсе де, ВИЧ, жасыратыны жоқ, - ел әлі де үрке қарайтын тақырып. Мамандар  қоғамды үйрету үшін ауруды жасыра беруге болмайды деген пікірде. «ЖИТС-тен балаларды қорғау қайырымдылық қоры мен психолог мамандар қазір аудан-ауылдарды аралап, білім ошақтарында семинарлар өткізіп жүр. Мақсат -қоғамды дайындау.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ