Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Блогер Мерей Әбілованың үйлену тойы қалай өтті

AstanaTV
20.11.2023ж. 12:25
525
Блогер Мерей Әбілованың үйлену тойы қалай өтті

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Мерей Әбілованың үйлену тойы дүркіреп өтті. Желі жұлдызының таңдауы Димаш Қашкен есімді футболшы жігітке түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мерей Әбілова өміріндегі ең маңызды күннің қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Ол желіде видеоларын бөлісіп, оқырмандарын барынша хабардар етуге тырысқан. Блогер арудың үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен. Үлкен тойға дейін жастардың некелесу салтанаты болды. Оған жас жұбайлардың ет-жақындары ғана қатысқан.