$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ауыл тұрғыны адал еңбегімен 7 баласын асырап отыр

20.11.2023ж. 20:00
823
Ауыл тұрғыны адал еңбегімен 7 баласын асырап отыр

«Құт – еңбектіге бітеді»,- дейді дана қазақ. Тобыл өңірінің тұрғыны Сәлами Ғазезұлы адал еңбек етіп, 7 баласын асырап отыр. Ұл-қызын да жастайынан жұмысқа баулып, жауапкершілікке жетелеп жүр. Ұрпағы өнеге , ортасы қадір тұтқан еңбек адамымен тілшіміз тілдесті.

Сәлами Ғазезұлы жеті жылдан бері коммуналдық мекемеде еңбек етеді. Жұмысына жауапты, тапсырманы тиянақты орындайтын тракторшыны басшы да, қосшы да мақтап отыр.

Қайрат ДӘУЛЕТӘЛИЕВ, «ГОРИЗОНТ -2012» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бізде жеті жылдан астам жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өзін жауапты жұмысшы ретінде көрсете білді. Тапсырманы бұлжытпай орындайды .Осы кісі сияқты жұмысшылар көп болса деп тілейсің.

Ауыл тұрғыны адал еңбегімен 7 баласын асырап отыр. Іздегенге жұмыс көп. Аянбай еңбек еткен адам ғана абыройлы болмақ дейді.

Сәлами ҒАЗЕЗҰЛЫ, ТРАКТОРШЫ:

Іздеген адамға, жұмыс істейтін адамға ниеті болса жұмыс бұрынғыдай емес. Жұмыс жетеді. Жеке бұл жерде емес. Барлық жерден жұмыс табады. Жұмыстың ауырлығы, жеңілдігі болады. Оның бәріне шыдай білу керек. Төзе білу керек.

«Әке көрген оқ жонар» демекші үлкен ұлы Серікжан түске дейін сабағын оқып, түстен кейін ата-анасына қолғабыс болу үшін жұмыс істеп жүр. Студенттік өмірді бекер өткізгім келмейді дейді өнегелі ұрпақ.

Серікжан СӘЛАМИҰЛЫ, СТУДЕНТ:

Бұл әкемнің берген тәрбиесі ғой. Осылай уақытты босқа өткізбей, осылай көмек қолын созуға кішкене. Ата-анамды қолдап жіберуге, өзімді қодайын деп. Оларға масыл болмайын деп жұмыс істеп жүрмін.

Еңбек адамының абыройын асқақтатып, маңдай тер төккен марғасқалаларды марапаттау «Ауыл аманаты» бағдарламасында анық көрсетілген. Көп балалы отбасыға әкімдік тарапынан да жан-жақты жәрдем көрсетіліп жатыр.

Нұрғиса ИСМАҒАМБЕТОВ, ЗАРЕЧНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Балалары мектепте қазақ күресінен облыстық, республикалық деңгейде , әр салада, домбыра болсын Гран –при ұтып жатыр. Былтыр ғана ұтып келді. Сонымен қатар өнегелі отбасы ретінде облыстық байқауда бас жүлде ұтып алған. Үлгі тұтатын отбасылардың бірі.

Тракторшы Сәлами Ғазезұлы балаларын еңбекке, спортқа, өнерге баулыған өнегелі әке. Былтыр «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, облыстық кезеңге дейін жеткенін айтады.