Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астаналық әйел полицейді қорлағаны үшін жауапқа тартылады

AstanaTV
20.11.2023ж. 18:17
473
Астаналық әйел полицейді қорлағаны үшін жауапқа тартылады

Елордалда патрульдік полиция полкінің инспекторын қызметтік міндеттерін атқару кезінде балағат сөздермен қорлаған 29 жастағы елордалық әйел ұсталды, деп хабарлайдыАстана қаласы ПД.

Кешкі уақытта полицияның "102" арнасына қала тұрғыны қоңырау шалып, дөңгелек айырбастау орталығында белгісіз әйел әдеп бұзып, орталықтан кету туралы өтінішке құлақ аспайтынын хабарлаған. Келіп түскен қоңырауды пысықтау барысында шара қолдану үшін мекенжайға полиция қызметкері келген. Әйел тәртіп сақшысына дөрекі сөйлеген.

Полиция қызметкері әйелді тәртіпке шақырған, бірақ ол дөрекілік танытып, қорлауын жалғастырған. Тәртіп бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі "Билік өкілін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.