$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Баламен үйден қуып шықты". Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шықтым деген қыз шындықты айтты

AstanaTV
20.11.2023ж. 19:51
777
"Баламен үйден қуып шықты". Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шықтым деген қыз шындықты айтты

Жазда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді деген ақпарат тарап, сурет-видеолар жарияланды. Ал әншінің өзі күні кеше бағдарламалардың біріне берген сұхбатында мұның бәрі түсірілім екенін айтты. Әлеуметтік желіде Жәмила есімді қыз Кенжебекке жазда тұрмысқа шыққанын, расында да, той болғанын айтты. Massaget.kz тілшісі Жәмиламен сұхбаттасып, шын мәнінде жағдай қалай болғанын сұрады.

Жәмиланың сөзінше, өзі де өнер адамы. Олар ортақ достары арқылы танысқан.

"Біздің оқиғамыз былтыр қыркүйекте басталды. Ортақ музыкант таныстарымыз бар еді, солар арқылы таныстық. Таныстығымыздан кейін біраз уақыт өткен соң бір-бірімізге сай екенімізді, ғашық екенімізді түсіндік. Кенжебек шаңырақ көтергісі келді. Мен де оған дайын болып, отбасы боламыз деген ортақ шешімге келдік. Ол менің ата-анаммен танысып, әкемнің батасын алуға келді. Өзі де отбасымен таныстырды", - дейді ол.