Спорт Қазақстан
$460.15 €501.38 ₽5.11
×

21 қараша - Халықаралық телевидение күні

AstanaTV
21.11.2023ж. 08:22
293
21 қараша - Халықаралық телевидение күні

1998 жылы наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қараша күнін Дүниежүзілік телевидение күні ретінде жариялады.

Нақты осы күннің белгіленуіне 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форум себеп болды.

Қоғамды тәрбиелеу мен қадағалаудың таптырмас құралы саналатын телевидениеге арналған күнді атап өтудің өзіндік ерекшелігі бар. Ол – дәл осы күні бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және мәдени алмасуды кеңейту тақырыптарына арналған телебағдарламалармен алмасу әдісі.

Мереке бекітілген күннен бастап қана атап өтіліп жүргенімен, телевидение тарихы 1 ғасырды қамтиды. Электронды сәулелер арқылы белгілі қашықтықта бейнелерді қабылдап, көрсетудің алғашқы тәжірибелері 1920 жылдардың басында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да басталды. 1993 жылы америкалық инженер Владимир Зворыкин әлі күнге дейін көптеген теледидардың басты бөлшегі болып табылатын катодты түтікшені ойлап тапқан еді. Қазір бұл сала үлкен жетістіктер мен кәсіби қарыштау кезеңін өткеріп келеді.

Сол үздіктердің ішінде де озығы бар. Мысалы, АҚШ-тағы CBS және Ұлыбританиядағы BBC әлемдегі ең ірі телекомпания саналады.