$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қазақ лирикасы және поэзиясы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21.11.2023ж. 20:00
1000
"Қазақ лирикасы және поэзиясы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Елордада ақын, журналист, аудармашы Марфуға Бектеміроваға арналған "Қазақ лирикасы және поэзиясы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға «AMANAT» партиясының хатшысы Руслан Әлішев қатысып, партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің ақынды еске алуға арналған лебізін жеткізді. Оның хатында "Марфуға Бектемірованың поэзиясы осы алтын арқаудың заңды жалғасы деп есептеймін. Ақын апамыздың шығармалары ұлтымыздың рухани қазынасына айналары сөзсіз", делінген. 

Шарада студенттерге марқұмның балалық шағынан басталған шығармашылығы таныстырылды. Сондай-ақ ақынның өлеңдері оқылды. Абыз ана Марфуғаның қазақ әдебиетіне қосқан еңбектері аз емес. Оның бүгінде "Ғашық жүрек", "Еңлікгүл", "Аққуым менің қайдасың?" сынды 10-нан аса жыр жинақтары жарық көрген. Конференцияға жұбайы, замандастары мен достары, жастар қатысты.

Бақытқожа РҮСТЕМОВ, АКАДЕМИК, ЭКОНОМИСТ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПУБЛИЦИСТ:

Адам өмірден өткеннен кейін байқайды екенбіз ғой оның ұлылығын. Қасиетін, жақсылығын. Тірі кезде қасымызда жүрген кезде қадіріне жете бермейді екенбіз замандастарымыздың. Ал, енді өткеннен кейін не деген керемет жан болған толғаныс өмірдің барлық қыр сырының бәрің паш етіп келген. Марфуғаның әрбір сөзінен, әрбір жазылған ойларынан көп нәрсені ұғынуға болады.