Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Көкшетаулық дәрігерлер ерекше операция жасайды

AstanaTV
21.11.2023ж. 20:00
555
Көкшетаулық дәрігерлер ерекше операция жасайды

Бүйрекке ерекше операция істейді. Резекция тәсілі арқылы ағзаның функциясын толық сақтап қалуға болады. Бұл бірегей отаны Ақмола облысының дәрігерлері ғана жасайды. Көкшетаулық ақ халаттылар науқастарға шұғыл көмек көрсетіп, талай науқастың өміріне араша болды. Өмір мен өлімнің арасында жатқан жандардың жанын аман алып қалды. Толығырақ келесі сюжетте. 

Валерий Гагиев – уголог-дәрігер. Бір жылдан бері Көкшетаудағы көпбейінді ауруханада жұмыс істейді. Бұған дейін үздік мамандардан дәріс алып, тәжірибе алмасқан. Қазір сол үйренгендерін жұмыс барысында пайдаланып жүр. Операция өткізіп, жаны қиналған талай науқастың сауығып шығуына себепкер болды. Наурыз айында бүйрекке резекция тәсілі арқылы ота жасады. Сол арқылы науқастың ағзасын сақтап, тіпті функциясын толық орындай алатындай деңгейге жеткізді.

Валерий ГАГИЕВ, ДӘРІГЕР:

Әртүрлі жағдай болады. Біздің халық ауруға мән бермейді. Өз денсаулықтарын күтпейді. Урология маңызды сала. Қазір осы дертпен ауыратындар көп. Олардың бәріне көмек керек. Мен өз тарапымнан көмектесіп жатырмын деп ойлаймын. Әріптестеріммен бірге талай операция істедік. Аман алып қалуға бар күшімізді салдық. Әрі қарай да еңбек ете береміз.

Дәрігер бір жылдың ішінде әріптестерімен бірге 300-ден аса операция жасаған. Бөлім меңгерушілерімен 4 мастер класс ұйымдастырды. Осы арқылы мамандардың біліктілігін арттырамыз, - дейді. Заманауи тәсілдер арқылы науқастарды емдеуге мүмкіндік алғанын айтады.

Валерий ГАГИЕВ, ДӘРІГЕР:

Бір жылдың ішінде әртүрлі жағдай болды. Қазір біздің аурухана жетістіктерге жетіп келеді. Мастер-класстар, заманауи техникамен операциялар жасаймыз. Аурухана басшысы урологиялық операция жасайтын үш қосымша кабинет ашып берді. Бізде мүмкіндік көп.

Қазір ер адамдардың 70 проценті урологиялық ауруға шалдыққан. Оған дер кезінде дәрігерге қаралмау себеп. Көкшетаудағы ауруханада жатқан Орал Сатбалдиев қазір уақытында маман тексерісінен өтпегеніне өкінеді. Ол ауруханаға ем іздеп бір апта бұрын ғана келген. Оған ақ халаттылар дер кезінде операция жасаған. Қазір жағдайы – жақсы.

Орал САТБАЛДИЕВ , НАУҚАС:

Жағдайым жақсы. Дәрігерлерге көп рақмет. Бұл аурумен күресіп жүргеніме бір жылдан асты. Мұндағы білікті мамандардың арқасында ауруымнан айықтым десем болады. Дереу көмектесті, өте жақсы қарады. Дәрігерлерге ризамын. Жұмыстарына толағай табыс тілеймін.

Бүйректегі тасты алып тастайтын хирургиялық операция барлық жерде бірдей өтпейді. Бұған дейін науқастардың көбі Астанаға барып емделуге мәжбүр болды. Олар кезектерін 2 айлап күтетін. Бұл туралы тұрғындар талай рет айтып, шағымданған. Қазір мәселе шешіліп келеді. Енді халық бас қалаға сабылмай, Көкшетаудың өзінде күрделі ота жасатқыза алады.