Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қызылорда облыстық филиалы жанынан "Әйелдер қанаты" құрылды

Қызылорда облыстық филиалы жанынан "Әйелдер қанаты" құрылды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылды. Мақсат- әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырып, мәртебесін көтеру дейді партияластар. Онда көпшілікті толғандырған нәзік жандылардың көкейкесті мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары талқыланып, отбасы құндылығы дәріптеледі. Ал кәсіпкер әйелдерге колдау көрсетіліп, ғылым жолын таңдағандарға жағдай жасалады деген жоспар бар. Бұл бастамаға аудандардан арнайы келген қыз-келіншектер дән риза.

Дильфура БАЙРАҚТАРОВА, ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Отбасының институтының дамығаны деп ойлаймын. Бірінші басты міндет. Өйткені бақытты отбасынан, толық отбасынан, іргетасы мықты отбасынан мықты мемлекет болады деп сенемін. Көшбасшы әйелдердің қатары кеңейеді. Және де бұл елімізге үлкен дамуына, кез-келген саласының өзінің рөлін, серпілісін тигізеді деп ойлаймын.