Нью-Йоркте
өткен шахматтан ерлер арасында сарапқа салынған «тәждің» иесі белгілі болды.
Магнус Карлсен Сергей Карякинмен
өткізген шешуші тай-брейкте қос партияны ұтып, тағы екеуін тең дәрежеде өткізді.
Осылайша норвегиялық биыл да өзінің
үздік ойыншы деген атаққа лайық екенін анық дәлелдеді. NRK ақпарат тарату ұйымының мәліметінше, бұл
кездесуді басынан аяғына дейін әлем бойынша 764 мың адам тапжылмай тамашалаған
көрінеді.
Әлемдік
додаларда қазақстандық спортшылардың да есімі аталап жүр. Мұндай жетістіктер
бірінші кезекте шахмат мектептерінің арқасы. Елордалық жаттықтырушы Рауан
Манкеев логикалық ойын тек медаль мен танымалдылыққа жетелеп қана қоймай,
ауқатты болудың да бір жолы, дейді.
Рауан
Макеев, «Интеллектуал» шахмат мектебінің директоры:
Карякин
мен Карлсен әлем біріншілігіне қатысып жатыр.
Олардың жеңгендері миллиондаған долларлар алады. Мысалы, үлкен
жетістіктерге жетті деп айтсақ болады. Миллионерлер болып жатқандар бар. Кейбір
задачкалар болады 8 жүрісті алдыға есептейтін. Ол 8 жүріс алдыға есептеу ғана
емес, әр жүрістен кейін өзгеріп кететін направлениялары бар. Жүздеген
варианттар. Ол қабілет өмірде де өте пайдалы болады. Бизнесте болсын, неде
болсын.
Қазақстанда
үміт артар жеткіншектер жеткілікті. Жақында Польшада өткен халықаралық әйелдер
арасындағы турнирде Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанды. Қыруар қаржыға жету
мүмкіндігінен бөлек, шахмат спортының берері қандай? Ала тақтада асығың алшысын
түсу үшін қандай дайындық керек? Интеллектуалдық ойындар неліктен қайта
қолданысқа еніп келеді? Бұл сұрақтардың жауабын ертең, сағат 20.30-да, «Біздің уақыт» қорытынды ақпараттық-сараптамалық хабарынан біле аласыздар!