Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Әйелі күйеуінің қолынан қаза болмас бұрын полицияға 49 рет жүгінген

AstanaTV
21.11.2023ж. 23:29
1220
Әйелі күйеуінің қолынан қаза болмас бұрын полицияға 49 рет жүгінген

Ішімдік ішкен ер адам әйелі мен оның құрбысын өлтірген.  Бұл туралы Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. 

"Былтыр Қостанайда ер адам ішімдік ішіп жатқанда әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген. Әйелі бұған дейін 49 рет полицияға жүгінгені анықталды", - деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Оның айтуынша, ішімдік ішу ауыр зардаптарға әкеп соққан.

"Сондықтан біз қосымша квалификациялық белгі ретінде "осы әрекеттерді алкогольдік немесе басқа да мас күйде жасауды" қосуды ұсынамыз", - деді Әбішев.