$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды

AstanaTV
22.11.2023ж. 10:48
572
Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

«ҚазАвтоЖол» АӨ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылды.

Атап айтанда:

Ақмола облысында:

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

Жақсы – Есіл – Бұзылық жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;

Жезқазған – Петропавлкүре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;

Екатеринбург – Алматы тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.

Солтүстік Қазақстан облысында:

Жезқазған – Петропавл күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;

Екатеринбург – Алматы күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.

Қостанай облысында:

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;

Жезқазған – Петропавл тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабылды.