$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Өскеменде 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті

AstanaTV
22.11.2023ж. 13:40
937
Өскеменде 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті

Өскемен қаласында дәмхана маңында 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті.

Оқиға қаладағы Лихарев көшесінде болған. Дәмхана алдында ер адамдар ерегесіп қалды.

Сол кезде өткір затпен жараланған 25 жастағы жігіт сол жерде көз жұмған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялау етуге жатпайды.