$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Алматыда ауруханаларда орын тапшы

22.11.2023ж. 20:00
1034
Алматыда ауруханаларда орын тапшы

Алматыда қызылша жұқтырғандар саны артып, ауруханалар науқасқа толды. Мегаполисте 2509 жағдай расталған. Тұрақсыз эпидаухал одан әрі нашарласа, қосымша бөлімшелер ашып, төсек-орындармен қамтуға тура келеді- дейді мамандар. Қазір қалада науқастарды қабылдауға 400-ге жуық палата қарастырылған.

Салтанат АЙБОСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қызылша ауруы 90% төсектік орынды алып жатыр. Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 7 бөлімше ашылған, ол жерде 280 науқасты қабылдай алады. Бүгнгі таңда 40 койка резервте тұр. Егер де Эпидситуацияның нашарлануына байланысты мкр Көкқайнарда қосымша 81 төсек дайын. Короновирустың кезінде ғана осындай төсектің толуы болған, одан кейін ондай көрініс болған жоқ.