Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"ҰҚШҰ - қауіпсіздік мәселесін сақтауға септігін тигізіп отыр", - саясаттанушы

AstanaTV
22.11.2023ж. 20:00
668
"ҰҚШҰ - қауіпсіздік мәселесін сақтауға септігін тигізіп отыр", - саясаттанушы

Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барады. Онда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің сессиясына қатысады. "Қазақстан тарапы Орталық Азиядағы су мен миграция қауіпсіздігін, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселесін қызу көтерері анық", - дейді саясаттанушы Риззат Тасым.

Риззат ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:

Белорусь тарапы өзінің төрағалық кезеңінде екі маңызды мәселені көтеріп отыр. Бұл - мемлекеттердің ішіндегі өзара қарама-қайшылықты жою. Және де үшіншісі ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бойынша мүше мемлекеттер арасында кең ауқымды ішкі және сыртқы ақпараттық жұмысты жүргізу. Қазақстанның өзіндік мақсаттары бар. Сын көп айтылғанмен де, бұл ұйым Қазақстанның қауіпсіздік мәселесін сақтауға септігін тигізіп отыр. Екіншіден, Қазақстан тың идеялардың керек екенін мойындайды.