Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ұсталды – ҰҚК

AstanaTV
22.11.2023ж. 16:35
791
Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ұсталды – ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшысын ұстады.

«Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдіктеліп отыр. Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.