Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылорда облысында мас азамат бұрынғы жұмыс орнына “жарылғыш зат қойған”

AstanaTV
23.11.2023ж. 13:13
632
Қызылорда облысында мас азамат бұрынғы жұмыс орнына “жарылғыш зат қойған”

Қызылорда облысында мас ер адам бұрынғы жұмыс орнына жарылғыш зат қойдым деп жлған хабарлама берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы Тасбөгет кентінде орналасқан медициналық мекемеге жарылғыш зат қойғанын хабарлаған. Аталған ғимарат жару-техник мамандарымен тексеріліп, онда жарылғыш зат табылған жоқ. Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген мекеменің бұрынғы қызметкері 47 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Тергеу барысында жалған хабарлама берген азамат қызметінен босап қалуына байланысты ызаланып, масаң күйде хабарлама бергені анықталды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен жалған хабарлама берген азаматқа 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.